Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Екібастұз тарихи – өлкетану музейінде көрнекті қазақ этнографы Халел Арғынбайұлы Арғынбаевтың 100 жылдығына орай №7 гимназия мектебінің 11 сыныбында «Қазақ этнографиясының сақтаушысы» атты тарихи сабақ өткізілді. Балалар атақты ғалымның өмір жолымен және қызметімен танысып, Халел Арғынбаевтың қазақ этнографиясының дамуына қосқан ғылыми үлесі лайықты бағаланды. Сабақта қазақ халқына тән дәстүрлі аң аулау түрлерін зерттеудің құрамдас бөлігі ретінде сұңқар аңшылығы туралы шағын танымдық бейнефильм көрсетілді. Сонымен қатар, оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлеріне арналған викторинаның сұрақтарына қызығушылықпен жауап берді.

9eaa58d7 15eb 4ef5 a11d 7b6a99735ebd29f3ed59 b2c8 4865 901d 8a838f8f242e73d41275 fdb6 4432 a365 57feb9552155