Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндіз – ату, түнде – ептілікті дамиды. «Мен сені музейге апарамын» жобасы аясында мектеп жанындағы лагерьге «Асық ату – ұлттық тәрбие көзі» атты шеберлік сабағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткізілді, оған мектептің оқушылары қатысты. Іс-шарада балалар ойын ережелерімен танысып, ойын туралы қызықты бейнероликті тамашалап шара соңында асық ойнын ойнап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.



