Г.Н. Потанин атындағы музейде «Қолөнер – сырлы өнер» атты жүннен жасалған бұйымдарға арналған шеберлік сабағы өтті. Іс-шара барысында қолөнер шебері Ғ. Сұңғатова көрме ұйымдастырып, жүннің қолданылуы және бұйымдардың жасалу технологиясымен таныстырды. Қатысушылар өз қолдарымен жіп иіріп, жүн түтіп үйренді.




