Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде қазақ әдебиетінің қос жұлдыз ақыны, қоғам қайраткері, Үш бәйтеректің бірі Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығына арналған «Қазақ әдебиетінің классигі» атты әдеби симпозиумы ұйымдастырылды.
І. Жансүгіров – ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі топ классиктердің ішінде өз стилі, өз үні, бөлек тақырыбы мен өзгеше ойы бар ақын. Әдеби симпозиумда ақынның өмір жолы, қазақ халқы үшін атқарған қызметі баяндалды. Ақынның келешек ұрпаққа аманат еткен мұрасын насихаттау мақсатында №3 кітапхана-коммуникациялар орталығының меңгерушісі Омарова Лязат кітап көрмесін ұйымдастырды. Сондай-ақ ақынның шығармашылығын оқуға «Қайнар» бос уақытты қамту кешеннің «Жігер» шығармашылық клубтың шәкірттері Кошкинбаева Лунара, Шарафиденова Аружан, Ердаукқызы Фариза, Айтбаев Аян, Тажбенова Айерке, Бекзатқызы Танзиля мәнерлеп оқыса, №25 қазақ қыздар гимназиясының 9 сынып оқушысы Құрманшаравқызы Гауһар ақынға арнап өзі шығарған «Ғасыр жыры» өлеңін ортаға салды.
Іс-шараға ИнЕУ Жоғарғы Екібастұз колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының 1 курс студенттері қатысты.