Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан халқы бірлігі мерекесіне орай «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» атты Shaisheik Food Fest фестивалі өткізілді. Іс-шара барысында қатысушыларды орыс, украин, татар халықтарының шай ішу дәстүрлерімен таныстырды. Сонымен қатар, шай ішу рәсімінің қызықты деректерімен бөлісіп, осындай пайдалы сусын туралы әндер шырқалды. Шараға қатысқан Достық Үйінің «Братство», «Шатлық», «Світанок» этномәдени бірлестік өкілдеріне және №33 мектептің 5-6 сынып оқушыларына алғысымызды білдіреміз.
«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» Shaisheik Food Fest фестивалі
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина