Ақсу тарихи-өлкетану музейінде №3 мектеп интернатының қызметкері Ю. Крыловамен ұйымдастыруымен кесте тігу бойынша қолданбалы шығармашылық шебері Бейбітгүл (Мира) Шаяхметованың 70 жылдығына арналған «Жизнь нитью золотой» атты жеке көрмесінің ашылуы өткізілді. Іс-шара қонақтары: достары мен бұрынғы әріптестері, жас ұрпақ (мектеп оқушылары мен студент жастар) және аға буын өкілдері оның жұмысын көруге, бағалауға және ләззат алуға және шебермен жақынырақ танысуға келді. Музыкалық білімі бар мұғалім мектеп-интернатта 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, оқушыларға кесте тігудің негіздерін үйретіп, қолөнер үйірмесін жүргізді. Мира Айдарбекқызын (оны осылай атауға дағдыланған) бірінші жеке көрмесімен сондай-ақ, мерейтойымен құттықтаймыз! Ең бастысы денсаулық, шығармашылық табыс және шабыт тілейміз!!! Сіздің жұмыстарыңыз музейге келушілердің көзін қуантсын!
«Жизнь нитью золотой» көрмесі
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина