Әскери Даңқ музейінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Тәуелсіздік таңы – Республика күні» атты өлкетану сабағы өтті. Сабақтың басты мақсаты оқушылар арасында қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, зияткерлік құзыреттілікті дамыту, Қазақстанның қалыптасуы туралы тарихи білімді кеңейту болды.
Аталған іс-шараның қонақтары Павлодар қаласының «Музыкалық колледж – музыкалық мектеп-интернат кешені» КММ оқушылары болды.


