«Ertis» мультимедиялық музейінде Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға архив ісі, кітапхана жүйесі, тарих ғылымы, білім беру салаларының және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Қатысушылар тарихи жадты сақтау, ұлттық мұраны дәріптеу, білім мен ғылымның рөлі, сондай-ақ Қазақстан халқының бірлігі мен мәдениетаралық диалогтың маңыздылығы туралы пікір алмасты.
Дөңгелек үстел ұрпақтар сабақтастығын сақтау, тарихи және рухани құндылықтарды жастарға жеткізу, тәуелсіз Қазақстанның болашағына үлес қосу мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.


