Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде Марина Мұхтарованың «Жүректен шыққан шабыт» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызметпен қатар ұлттық қолөнерді насихаттап, түрлі шығармашылық жобаларға қатысып жүрген Марина Набиқызы өз туындылары арқылы дәстүрлі өнердің байлығын дәріптеп келеді.

Көрмеге құрақ техникасында орындалған сәндік көрпелер мен жастықтар, көркем паннолар мен картиналар, сондай-ақ ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдар қойылды. Түрлі түстер мен ою-өрнектердің үйлесімділігі туындыларға өзіндік ерекшелік беріп, автордың шығармашылық ізденісі мен көркемдік талғамын айқындайды.

Көрме 9 қарашаға дейін жалғасады. Музейге келіп, ұлттық өнердің әсемдігімен танысуға шақырамыз!