Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің табиғат, палеонтология және археологияның ғылыми зерттеуін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Г.Ю. Пересветов Торайғыров университетінде ұйымдастырылған «Моңғол империясы мен Алтын Орда дәуіріндегі Ертіс өңірі» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Іс-шараға қатысушылар XIII–XV ғасырлардағы Ертіс өңірінің өткенін зерттеу мәселелерін, Алтын Орданың даму ерекшеліктерін және өңірдің тарихи мұрасын зерттеуге ғалымдардың қосқан үлесін талқылады.