«Алтын құрақ – қол сәні» атты шеберлік сағаты. Наурыз мерекесі аясында орай жалпы ұлттық күніне «Ұлттық киім күні» орай қазақ халқының бай мұрасының бірі – құрақ құрау өнеріне арналған «Алтын құрақ – қол сәні» атты шеберлік сағаты өткізілді. Осы іс-шарада халық «Ақниет» ансамблінің солисті, облыстық «Қазақ аналары –дәстүрге жол» бірлестігінің мүшесі, әлемдік «Global best of records» «Алып Аламан құрақ» жобасы бойынша әлемдік рекорд кітабына енген, шебер Рабиға Қатпанова шығармашылық қызметімен таныстырып, Ж.Мұса атындағы жоғары көп салалы колледж студенттеріне ұлттық бұйымдарымен, жасау тәсілімен бөлісті. Қонақтар ретінде халықтық «Ақниет» ансамблі «Топ шеңгел» әнін орындап, іс-шараның көркін аша түсті.

