«Күміс кереге» атты музейлік сабақ. Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында №33 мектептің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Күміс кереге» атты музейлік сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар киіз үй-дің негізгі бөліктерінің бірі – кереге туралы білім алды. Керегенің құрылымы, жасалу материалы және киіз үйдегі қызметі түсіндірілді. Оқушылар өздерінің мәліметтерімен де бөлісті. Сабақ қызықты әрі танымдық деңгейде өтті.

