«Киіз үй кеңістігі: тәрбие мен тәлімнің бастауы» этнографиялық ART кеші. Екібастұз тарихи – өлкетану музейінде «Киіз үй кеңістігі: тәрбие мен тәлімнің бастауы» этнографиялық ART кеші өткізілді. Кеш барысында қазақ қоғамында киіз үйдің алатын орны, оның ішкі құрылысының орналасу реті, әр бөлігінің мән-мағынасы және бала тәрбиесіне, адам болмысының қалыптасуына тигізетін әсері туралы кеңінен әңгіме қозғалды. Сонымен қатар, салт-дәстүрлер мен отбасы тәрбиесіндегі киіз үй кеңістігінің рөлі талқыланды. Этнографиялық ART кешіне «Қамажай» әжілір ансамблі арнайы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қоянды ауыл клубының жетекшісі Қ. Алпысбаева құрметті қонақ ретінде кештің мазмұнын толықтырып, ұлттық мұра туралы тағылымды ой-пікірлерін ортаға салды. Сөз өнерін құдіретін сезіндерген Қоянды ауылының «Шабыт» мәнерлеп оқу үйірмесінің жас дарындары кештің көркін қыздыра түсірді. Көрермен қатарын №11, 12 мектеп оқушылары толықтырды.

