«Ertis» музейінде көрнекті ғалым, академик Әлкей Хақанұлы Марғұланды еске алуға арналған «Әлкей Марғұлан: Өткеннің кілтін ұстаған ғалым» тақырыбында танымдық іс-шара өтті.
Кездесу барысында ғалымның өмір жолы, қазақ археологиясы мен тарих ғылымына қосқан үлесі, рухани мұраны зерттеудегі еңбектері сөз болды. Қонақтарға Әлкей Марғұланның ғылыми мұрасын таныстыратын бейнеролик ұсынылды.




