Павлодар қаласының тарихшысы, өлкетанушысы және құрметті азаматы Эрнест Дмитриевич Соколкиннің туғанына 90 жыл толуына орай Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде еске алу кеші және «Музей ісінің патриархы» көрмесінің ашылуы өтті. Іс-шараға ол ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген және ынтымақтастықта болған әріптестері, өлкетанушылар, мәдениет қызметкерлері, оқушылар қатысты. Көрме қонақтарды Эрнест Дмитриевичтің өмірбаянымен, ғылыми мұрасымен және музей ісін дамытуға және Павлодар Ертіс өңірінің тарихын зерттеуге қосқан үлесімен таныстырды. Көрмеде фотосуреттер, қолжазбалар, еңбектер, өзі жазған каталогтар, марапаттар, грамоталар, жеке заттары ұсынылған.




