Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Келісім облыстар арасындағы тарихи-мәдени байланысты нығайту, кәсіби тәжірибе алмасу және цифрлық технологияларды музей қызметіне енгізу бағытындағы бірлескен жұмысты көздейді.
Меморандум аясында экспозициялық жобаларды, мәдени-ағартушылық бастамаларды жүзеге асыру және заманауи цифрлық шешімдерді қолдану жоспарлануда. Бұл әріптестік ұлттық тарихи-мәдени мұраны кеңінен танытуға және музей ісінің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2026 01 06 at 09.14.08WhatsApp Image 2026 01 06 at 09.14.26WhatsApp Image 2026 01 06 at 09.14.45