Сәбит Дөнентаев атындағы Мәдениет сарайында жерлесіміз, сахна өнерінің саңлағы, көрнекті театр және өнер қайраткері, актер, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі – Хасен Байырмановтың 120 жылдық мерейтойына және шығармашылығына арналған «Жай қоңыр-ғұмыр» атты республикалық өнер фестивалі өткізілді. Осы іс-шара арнайы «Әртістің грим бөлмесі» атты дайындық бөлмесі безендірілді. Экспозицияда музей қорынан алынған заттары қойылды.




