Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Берел қорғандары – Алтайдың мәңгі мұрасы» атты жылжымалы көрмесі ашылды.
Көрмеде Берел қорымында жүргізілген археологиялық зерттеулердің ең құнды нәтижелері — 2800 жылдық алтын бұйымдар, сүйектен ойылған бұғы-грифон бейнелі ат әбзелдері, антропологиялық реконструкциялар, қола айна және басқа да бірегей жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды. Бүгінгі іс-шара ежелгі сақ мәдениетінің терең тарихын, олардың дүниетанымы мен шеберлігін танытқан мағыналы мәдени оқиға болды. Қонақтар көне өркениеттің мұрасымен жақын танысып, археология әлеміне қызықты саяхат жасады.
Көрме 19 желтоқсанға дейін жалғасады.




