Әскери Даңқ Музейінде Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына арналған ерлік сабағы өтті. Ұлттық қаһарманның өмірі мен ерлік жолын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға әскери кафедра студенттері қатысты. Шара барысында қатысушыларға Мәлік Ғабдуллиннің майдандағы ерлігі, Панфиловшылар құрамындағы қызметі, соғыстан кейінгі ғылыми-педагогикалық еңбегі туралы деректер ұсынылды.




