Әскери даңқ музейінде күзгі демалыс аясында мектеп оқушыларына «Ертіс-Баян өңірінің батырлары» атты кинолекторий өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар өңіріміздің даңқты батырларының ерлік жолымен танысып, деректі фильмдер мен тарихи материалдар арқылы олардың Отан алдындағы қайсар рухына қанықты.




