10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, композиторы Абай Құнанбайұлының туған күні. Биыл халқымыздың рухани көшбасшысы атанған Абайдың туғанына 180 жыл толып отыр. Абай – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, «Қара сөздер» авторы, ұлттық мәдениет пен білімнің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Оның мұрасы – бүкіл адамзатқа ортақ қазына.




