Ертеде... жазу-сызу, кітап оқу болмаған заманда біздің ата-бабаларымыз, әйгілі жыршыларымыз өздерінің ойдан шығарған қиял әңгімелерін, тарихи оқиғаларды ұрпақтан-ұрпаққа ауызша мұра етіп қалдырған. Оларға қазақтың халық ертегілері жатады. Ертегілер - халықтың ауыз әдебиетінен мол орын алады. Шынайы және ойдан шығарылған ауызша тараған оқиғаларды ертегі дейміз. №7 орта мектептің және Абай атындағы жалпы орта мектебінің мектеп жанындағы лагерь оқушыларына «Қазақ халық ертегілеріне саяхат» ойыны өткізілді. Іс-шарада балаларға ертегілер түрлерімен танысып, ертегілерге саяхат жүргізіп, викторина өткізіліп, батыр-күресші «Қажымұқан» атты мультфильмді тамашалады.




