Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Бейбітшілік, үміт пен ізгіліктің рәміздері» атты тағылымды музейлік сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны туралы қызықты мәліметтермен танысып, рәміздерге арналған зияткерлік және танымдық ойындарға белсене қатысты. Шараға №11 мектеп жанындағы жазғы лагерьдің тәрбиеленушілері қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Бұл шара балалардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттырып, отансүйгіштік рухын нығайтты.

WhatsApp Image 2025 06 03 at 13.39.34 2WhatsApp Image 2025 06 03 at 13.39.34 3WhatsApp Image 2025 06 03 at 13.40.34