Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Ақсу тарихи-өлкетану музейде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай тарихи танымдық іс-шара өтті. Шара барысында студенттер ХХ ғасырда қазақ халқына жасалған зұлмат жылдар туралы тереңірек мағлұмат алып, жазықсыз атылған, жер аударылған, аштан қырылған миллиондаған тағдырмен танысты. Алаш арыстарының арманы – азаттық, білім, теңдік еді. Бірақ олардың көпшілігі «халық жауы» атанып, түрмеге қамалды, атылды. ҚарЛАГ, АЛЖИР, СтепЛАГ сынды лагерлердің тарихы мен зұлмат кезеңнің шындығы студенттерге терең әсер қалдырды. Бұл – тек өткеннің қасіреті емес, болашаққа сабақ. Бүгінгі Тәуелсіздік – сол боздақтардың аманаты. Олардың рухы – ел жадында, есімі – жүректе.

image 30 05 25 03 14image 30 05 25 03 14 3image 30 05 25 03 14 1