«Ertis» музейінде «Сибирь здесь» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – көп ғасырлық тарихпен танысуға, ежелгі өркениеттердің іздерін терең сезінуге арналған ерекше мүмкіндік. Көрмеге шамамен 100-ге жуық экспонат қойылған.
Көрме Ресей Федерациясының Новосибирск облысының мәдениет күндері аясында Қазақстан Республикасының Павлодар облысында ұйымдастырылды. Экспозиция 2025 жылдың 15 маусымына дейін келушілерге ашық болады.




