Ертіс музейінде Елена Шангайдың «Прикосновение. Душа в лицах» атты жеке фотокөрмесінің салтанатты ашылуы өтті. 
Көрмеде 40-қа жуық фото ұсынылған, онда тек сыртқы көріністі ғана емес, сондай-ақ қарапайым адамдардың ішкі жан дүниесі, қорқыныштары, фобиялары, эмоциялары фотосурет арқылы көрсетілген. Елена Шангайдың объективі арқылы әрбір портрет жай сурет қана емес, сезімдер мен терең толғаныстарға толы тұтас бір оқиғаға айналған.




