Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Соңғы уақытта «Е - Өтініш» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасына мемлекеттік қызметтер көрсетуге халықтан өтініштердің келіп түсу фактілері жиілеп кетті. Естеріңізге сала кетейік, «Е - Өтініш» платформасының функционалы өңір халқына мемлекеттік қызметтерді тіркеу және көрсетудің бизнес-процестерін көздемейді.

Сондай-ақ, ҚР 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 69-бабына сәйкес ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген өтініштерді қоспағанда, жарнамасы бар ұсыныстар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша келіп түскен өтініштер есепке алынбайды.

Жоғарыда аталған ерекшелікке мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, мемлекеттік корпорацияның (ХҚКО) және (немесе) оның қызметкерлерінің өз кезегінде «Е - Өтініш» жүйесінде дереу тіркеуге және қарауға жататын мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану мәселелері туралы азаматтардың өтініштері жатады.

Бүгінгі күні облыс бойынша жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтердің 174 түрін көрсетеді, оның 160 түрі электрондық форматта көрсетіледі, көп жағдайда электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға өтінімді «Электрондық Үкімет» порталы және оның онлайн сервистері арқылы, сондай-ақ «eGov mobile» мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.

Сондай-ақ, халыққа ыңғайлы болу үшін мемлекеттік қызметтер көрсетудің салалық порталдары жұмыс істейді, атап айтқанда:

- денсаулық сақтау саласында - «ДамуМед», «ИнфоМед» порталы және мобильді қосымшасы;

- білім беру саласында - «Балабақша», «Индиго», «Е-Портфолио» платформалары;

- халықты жұмыспен қамту саласында - «enbek.kz» электрондық еңбек биржасының порталы;

- әлеуметтік қорғау саласында - «aleumet.egov.kz» әлеуметтік қызметтер порталы;

- лицензиялау және рұқсаттар саласында - «Е-Лицензирование» порталы;

Құрметті облыс тұрғындары, егер сіз мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсініктеме алғыңыз келсе немесе мемлекеттік органдардың шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданғыңыз келсе, онда сіз «Е - Өтініш» порталы арқылы жүгінуіңіз қажет.

Мемлекеттік қызметті алуға өтініш беру үшін сізден «Электрондық үкімет» веб-порталын немесе тиісті онлайн-платформаларды пайдалануды сұраймыз.      

WhatsApp Image 2023 04 19 at 16.55.05