Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде өлкетанушы, техника ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Тілеукен Ахметұлы Инсебаевтың туғанына 75 жыл толуына орай «Ұлты мен жүрты үшін қызмет еткен» атты еске алу кеші өтті.
Кеште өңірді зерттеудің өзекті мәселелері, олардың атаулары және өлкетану бойынша жаңа дереккөздерді енгізу талқыланды. Тілеукен Ахметұлы Инсебаевтың жеке заттары мен құжаттары ұсынылды.
Іс-шараға өлкетанушылар, тарихшылар, музей қызметкерлері мен Т.А. Инсебаевтың туыстары қатысты.

IMG 1994IMG 1972IMG 1901