Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

mairaПавлодар облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы мұражай үйі

Майраның әншілік өнерін халыққа насихаттау мақсатында 2001 жылдың 30 қаңтарында Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылық музей үйі, Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы ретінде ашылды.

XX ғасырдың басындағы белгілі көпес Абдул Фатах Рамазановтың  1900 жылы салынған ғимараты. Бұл ғимарат қазіргі танда  архитектуралық ескерткіш ретінде саналады.

Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы музей үйінің негізгі мақсаты: Майраның өмірі мен шығармашылығы жайында жаңа мәліметтер мен тереңірек зерттеу жұмыстарын жүргізу.  Музей үйіне келуші көрермендерді XX ғасырдың әйгілі әншілерінің бірі композитор Майра Шамсутдинованың өмірі мен шығармашылығы жөнінде таныстыру. Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы музей үйі өлкемізден шыққан белгілі композиторлар мен ақын, жазушылардың шығармашылық кештерін өткізу болып табылады.  

Музей екі экспозициялық залдан тұрады. Экспозицияда Майраның өмірі мен шығармашылығын көрсететін фотолар мен құжаттар көрсетілген. Майра Шамсутдинованың тұрмыста өзі пайдаланған заттары қойылған. Майраның замандастарының фото құжаттары және тұрмыстық заттары көрсетілген.

Майра Уәлиқызы Шамсутдинова Ертіс елінен шыққан халқымыздың асыл қызы, ән өнерінің шоқ жұлдыздарының бірі, асқан дарынды, әнші-композитор.

Майра Уәлиқызы Шамсутдинова 1890 жылы Ертіс елінде дүниеге келген. Әкесі татар Уәли, шешесі қазақ Қатира деген кісі болған.        Әншілік өнерге 13 жасынан бастап ден қойған. Ол әнді сырнаймен айтқан. Майра өзінің өнерін Баянауыл, Кереку, Қоянды жәрменкелеріне әнші-ақын Иса Байзақов, атақты әнші Әміре Қашаубавпен бірге ән шырқаған.

Белгілі музыкант, этнограф, фольклорист Александр Викторович Затаевич Майраның орындаған 13 әнін жазып алған. Ол ”Майра”, ”Ертіс”, ”Қызыл гүл”, ”Толқыма” «Мақпал», «Бақша», «Көкмайса», «Қарғамау», «Қаракөз», «Баянауыл», «Телқоңыр», «Даланың әні», «Құрбым жай», «Алқарағай көк», «Құсни құрдас», тағы басқа халық арасында кең тараған әндердің авторы. Майраның орындаушылық және композиторлық  шығармашылығы Сары-Арқаның әншілік дәстүрін ілгері дамытты. Майра ескілік әдет-ғұрыптан қол үзіп, өз өнерін профессионалдық дәрежеде меңгерген қазақ әйелдерінің бірі.

Мекен-жай: Қазақстан  Республикасы,  Павлодар  облысы
141200 Павлодар қаласы, Астана көшесі 135

тел.: 8(7182)618130

Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Жұмыс кестесі  сейсенбі – жексенбі сағ.  9.00 -18.00 дейін үзіліссіз

Филиал меңгеруші Ерлан Олжаұлы Рақымов

DSCN2309

см.фото

Виртуальный тур