Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

bagaevaПавлодар облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Багаев үй-музейі бөлімшесі.

Д.П.Багаевтың музей-үйі Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы болып табылады, 2001 жылы 30 қаңтарда ашылған.
Экспозиция үш бөлмеде және XX ғасырдың басында үйге қосыла салынған 2001 жылы қалпына келтірілген фотопавильонда орналасқан. Музей үйінің өзі XIX ғасырдың соңындағы мещан тұрмысының тарих және сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады. Музей Павлодар қаласындағы және Қазақстан Республикасындағы фотограф-суретшіні есте ұстауға арналған жалғыз музей болып келеді.

Бұл үйде Д.П.Багаев өзінің шығармашылығы басталған 1905 жылдан бастап, өмірінің соңғы күніне (1958) дейін тұрды.
Музейдің концепциясына қарай, музей қызметкерлерінің негізгі міндеті: Д.П.Багаевты есте ұстау, экспозиция мен экспонаттарды тәртіпте ұстау, оның шығармашылығы мен өмірі жайында жаңа деректерді іздеп табу және оларды насихаттау.

Сонымен бірге басқа музейлермен мәдени байланыс ұстап, қазіргі замандағы фотосуретшілермен бірлесіп, олармен қызмет жасалып жатыр.
Музейдің ғылыми-зерттеу жұмысы – Д.П. Багаев туралы жүргізген жаңа және белгісіз апараттарды іздестіру, жинау жұмыстарының нәтижесі. Оның әр жылдағы мұрасын, фотография жинақтарын зерттеліп келесі дәрістер мен көрмеге дайындық барысында жарияланды.

Д.П. Багаевтың мұраларын танымал ету мақсатында қазіргі заман фотографтарының шығармашылығы зерттеліп олармен байланыс орнатылап және олардың көмелінің презентацияларына пресс-релиз, сценарии құрастырылды.
Бұл жұмыс Қазақстандағы жалғыз фотографқа арналған, талантты фотограф Д.П. Багаевтың музей үйімен келушілерді таныстыру.

Мекен-жай: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы 140000
Павлодар қаласы, Астана көшесі 200, тел.: 8 (7182) 20 88 45
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Сайт: www.pavlkraimuz.kz
Страничка:   @museumbagaev
Жұмыс кестесі сейсенбі – жексенбі сағ. 9.00 -18.00 дейін үзіліссіз
Бөлімше басшысы Шайдуллина Куляш Айдаровна.

bag1bag2

СМ.ФОТО

Виртуальный тур