Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

IMG 6606

Павлодар облысы территориясының көп бөлігі Батыс Сібір жазығының бойында, Ертіс өзенің орта ағысында орналасқан. Қазіргі кездегі ауданы 127 мың ш.м. құрайды. Павлодар қаласы теңіз деңгейінен 138 метр биіктікте орналасқан. Облысымыздың ең басты су артериясы өз бастауын Қытайдан бастайдын Ертіс өзені болып табылады. Павлодар облысының табиғаты залында тау жыныстары мен рудаларының, минералдар мен құрылыс материалдарының топтамалары ұсынылған. Пайдалы қазбалардың түрі және мөлшері бойынша Павлодар облысы Қазақстан республикасында алдынғы қатарда тұр. Біздің облысымызда Менднлеев кестесінде көрсетілген элеметтердің барлық түрі кездеседі.

Павлодар облысының ең әсем жерлерінің бірі Баянауыл таулы массиві болып табылады. Баянауыл ауданында 40 жуық сүтқоректілердің түрі кездеседі. Олардың ішінде Баянауыл өлкесінің мақтанышы болып табылатын арқар Қызыл кітапқа енгізілген. Арқардың салмағы 150-180 кг құрайды. Олар табынмен өмір сүрген және топ басында ең жүйрік арқар болған. Ересек еркек арқарлардың үлкен мүйіздерінде иірілімдер болады және осы иірілімдер арқылы білгір адамдар олардың жасын анықтай алған. Арқарлар біздің территориямызда 8-10 млн. жыл бұрын пайда болған.

Павлодар облысының территориясында 1200 жуық үлкенді-кішілі көлдер бар. Олардың көбі жаз уақытында кеуіп қалады. Өңірімізде көлдердің көп болуына байланысты су және су маңын мекендейтін құстар көптеп кездеседі.Олардың ең кішісі ысқырғыш-шүрегей, ал ірісі – сұр тырна. 

 

IMG 6608 IMG 6609