Ел аузында самауырынның пайда болуы жайлы қызықты аныз әфсаналар көп. Ең алғашқы самауырынды қолданған солтүстік ханы - Есеней. Ол көрші ауылынан шай құю сырын білетін орысты жендеттері арқылы шақыртып, шай құйып үйреткен орысқа жылқыны сыйға тартыпты Алайда, ырымшыл Есенейге самауырынның басы жерге қарап тұрғаны ұнамай, менің де басымның еңсесі жерге қарауы мүмкін деген ырыммен шай ішуден бас тартыпты деген аңыз бар.
Жалпы айтқанда, ежелгі заманнан адамзатқа белгілі құрылғылардың бірі самауырын - суды жылытуға және қайнатуға арналған метал ыдыс.
Тіл мамандарының айтуынша, «самауырын» сөзі екі түркі сөзінен тұрады: «су» (су) және «мавер» (қайнатуға арналған құрылғы).
ХVІІІ ғасырда Ресей металлургия өнеркәсібінің қарқын дамуына самауырын мен кофе қайнататын ыдыстарды өндіру себеп болған. Орал, Мәскеу, Архангельск, Калуга, Тула және т.б. қалаларында самауырынның алаун түрін шығаратын фабрикалары болған.
Бүгінгі күні біздің музейіміздің қорында қырыққа жуық самауырындардың түрлері сақталған. Мысалы, таңбалы самауырын қаламыздың Ертіс өзенінің сол жақ жағалауындағы Затон аймағынан табылды. Бұл таңбалы самауырындар С.Ф. Баташев әулетінің өндірісімен байланысты.
Баташев әулетінен шыққан самауырындарының таңбалы түрлері.
1770 жылдардан бастап осы уақытқа дейін самауырындардың басым көпшілігінің өндіріс орталығы - Тула қаласы.
Таңбалы самауырынның көлемі орташа, алдыңғы жағында Н.И. Баташев деген таңбасы бар.
Біреу үшін антиквариат, біреу үшін интерьер заты, ал біреу үшін ерекше топтама жәдігер, бірақ барлық сарапшылардың өнімге деген көзқарасы Баташевтар фабрикасының мөрімен байланысты.
1840 жылы С.Ф. Баташев мыс және самауыр өндіру ісімен айналысып, осы жылы біртіндеп алғашқы самауыр шығарылды. 1849 жылы С.Ф. Баташев В.Н. Петровадан аула орнын сатып алып, бұрынғы Протопоповскаяда, Грязевская көшесінде саябақ пен шеберхана салу туралы қалалық думаға өтініш беріп, онда өндіріс орталығын қайта ашып, самауырын шығарады.
Сақталған мұрағат мәліметтеріне сәйкес, 1849 жылы 13 адам жұмыс істеп, бір жыл ішінде 360 самауырын өндірілді.
1870 жылы Баташевтар Санкт-Петербургтегі бүкілресейлік көркем-өнеркәсіптік көрмеге қатысып, көрмеде ұсынылған самауырындардың түрлері үшін күміс медальмен марапатталған. Баташевтар әулетінің басқа да науа, шайғыш сияқты бұйымдары марапаттарға ие болды.
Баташевтардың самауырын өндіретін үш өндіріс орталығы болған. Біріншісін, 1825 жылы И.Г. Баташев ашып, кейін фабриканы ұлы Н.И. Баташевқа мұра еткен. 1840 жылы екіншісі фабриканы В.С.Баташев құрған. Ал үшінші фабрика 1840-1850 жылдары құрылып, кейін ағайынды Алексей мен Иван Баташевтарға мұрагерлік жолмен берілді.
Баташев есімімен таңбаланған самауырындар қалалық және ауылдық жерлерде танымал болды. Мұндай самауырындарды жәрмеңкелер мен сауда орындарында аса қызығушылықпен сатып алды.
1882 жылы Мәскеу көрмелерінің бірінде Баташев самауырындары алтын медальмен марапатталды.
1898 жылдан бастап В.Баташевтің фабрикасы «Туладағы Василий Степанович Баташев мұрагерлерінің бу самауыр фабрикасының серіктестігі» деп атады. Баташев самауырындары пішіні мен жасалу ерекшелігі бойынша сапасы жоғары, оларды безендіру үшін ғана емес, самауырындар саны жағынан 54 түрге дейін жететін болған.
Баташев самауырындарының ерекшелігі .
Баташев фабрикасынан шыққан самауырындар әрдайым мақтанышына сарайларды безендіру үшін пайдаланылды. Самауырын өндіріс орталықтары қайтадан балқытылған металды қолданбаған.
Қала тұрғындарының арасында ХХ ғасырдың 90 жылдары бір қарияның метал тапсыру орталығына таңбалы червон алтынынан жасалған самауырын тапсырылған деген де аңыз бар. Дегенмен, Баташевтар әулетінің қалындығы бір мөлшердегі металл өнімдеріне тапсырыс беруі, өндірушілердің бүгінгі күні айтарлықтай ақаулар болған жағдайда самауырындарды қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Мұндай аса бағалы, бірегей жәдігерлер музейіміздің қорында сақталып, ерекше «Қоянды - Ботов жәрмеңкесі» экспозициясында қойылған.
Кейбір тұрмыстағы заттар мүлдем қолданыстан шығып кетсе де, қазіргі уақытта сақталып, күнделікті өмірде тұрмыс заты ретінде пайдаланылады. Музей топтамасы үшін құнды да қызықты заттық топтамалары арқылы және оның шығу тарихы ғана емес, сонымен бірге жеке адамның, халықтың тағдырымен ел жылнамаларымен байланысты.
Ендеше, самауырынды бірегей де, құнды жәдігерімізге жатқызу, оның бірнеше ерекшелігіне байланысты: біреу оны топтама ретінде бағаласа, екіншісі, оған практикалық тұрғыда қызығушылық танытады.
Сондықтан, біздің мақсатымыз, мұндай баға жетпес, құнды жәдігерлерімізді дәріптеу арқылы өскелең ұрпақтың рухани құндылықтарын арттыру.
Өлке тарихын ғылыми қамтамасыз ету бөлімі
Д.К.Опабекова
А.М.Кабдуллина
А.Н. Батталова