Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Қазақстан тарихындағы 2020 жыл басқа мерейтойлармен қатар – Ұлы Абайдың 175 жылдығы. ҚР Президенті Қ.Тоқаев айтқандай, «Біз Абай сияқты өз елімізді жақсы көруді үйренуіміз керек. Абайдың бай мұрасы қазақ ұлтының жаңа санасын қалыптастыруға қызмет етеді». Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және мерекелеу бойынша Мемлекеттік комиссияның тапсырмаларын орындау аясында Павлодар қаласында Абайдың ескерткіші орнатылады.

Қаламыздың ортасында, көпшілік жиналып мемлекеттік мерекелерді,басқа да шараларды өткізетін орында, облыстық әкімдік ғимараты орналасқан алаңда Ұлы Абайдың ескерткіші бой көтереді. Ескерткіштің авторы - атақты мүсінші Нартов Асқар Маратұлы – ҚР суретшілер одағының мүшесі, Баянауылдағы Шакен Айманов ескерткішінің, басқа да көптеген ескерткіштердің авторы. Ескерткіш қоладан, ал тұғыры граниттан дайындалады, жалпы биіктігі 10 метрден асады.

Естай Беркімбайұлы атындағы Қалалық Мәдениет Сарайы алдында «Қорлан» әннің авторы, ұлы жерлесіміз, ақын, халық композиторы Естайдың ескерткіші орнатылады. Ескерткіштің авторы – атақты мүсінші Баярлин Азат Хамбетұлы, Майра Шамсутдинова ескерткішінің авторы.

2020 год в истории Казахстана – год 175-летия великого Абая. «Мы должны научиться любить страну, как Абай. Богатое наследие Абая служит формированию нового сознания казахской нации», — отметил Президент РК К.Токаев. В рамках исполнения поручения Государственной комиссии по подготовке и проведению 175-летнего юбилея Абая Кунанбаева будет установлен памятник. Это долгожданное событие - центр нашего города будет украшать памятник поэту, философу Абаю Кунанбаеву.

Автором памятника является скульптор Нартов Аскар Маратович – член союза художников РК, автор монумента Шакену Айманову в Баянауле, автор многих других монументов в РК. Памятник будет изготовлен из художественной бронзы, постамент исполнен из гранита, общая высота памятника с постаментом свыше 10 метров.

Памятник Абаю будет установлен в центре на площади напротив здания областного акимата. Это любимое место отдыха гостей города и горожан, где проводятся общественно-массовые мероприятия, приуроченные к государственным праздникам.

А перед зданием Городского Дворца культуры им. Естая Беркимбаева будет установлен памятник композитору, акыну Естаю, чья песня «Корлан» стала венцом творчества нашего земляка. Автор памятника – известный скульптор Баярлин Азат Хамбетович, автор памятника Майре Шамсутдиновой.

photo5244789560095911925photo5244789560095911924