«Қазақтың дана Қадыры»
2020 жылғы 8 қаңтар күні Ақсу тарихи-өлкетану музейінде халық жазушысы Қадыр Мырзалиевтің өмірбаяны мен шығармашылық жолымен таныстыру мақсатында «Қазақтың дана Қадыры» атты әдеби кеші өткізілді.
Осы іс-шараға №7 орта мектебінің оқушылары қатысып, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны мәтінінің авторларының бірі, поэзия Пайғамбары, публицист, сыншы, драматург, есімін туған халқының жүрегіне сұлу, сырлы өлеңдерімен өрнектеп жазып кеткен Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығымен танысты.
Ақын қаламынан әдебиеттің әр жанрына қатысты шығармалары мен сонын ішінде, бала ойымен, бала қиялымен өлең жазған талантты ақынның көптеген өлеңдері мектеп бағдарламасына кіргенін, аударма қызметі туралы, әсіресе, қазақ ақынының шығармашылық жетістігі болған Есенин лирикасының аударма томының шығарылуын мақтан еткені туралы, оның авторлығына 50-ден астам поэтикалық жинақтар, әдеби-сыни және балалар кітаптары, республикалық театрларда оның шығармалары бойынша пьесалар қойылатын туралы білді.
«Қазақтың дана Қадыры»
8 января 2020 года с целью ознакомления учащихся с биографией и творческойдеятельностью народного писателя Кадыра Мырзалиевав Аксуском историко-краеведческом музее был организован литературный вечер «Қазақтың дана Қадыры».
В данном мероприятии приняли участие учащиеся СШ №7. Они познакомились с творчеством народного писателя Казахстана, лауреата Государственной премии Казахской ССР, лауреата Независимой премии «Тарлан», одного из авторов первого гимна Республики Казахстан, поэта, публициста, критика, драматурга К. Мырзалиева. А также, узнали о том, что некоторые его произведения вошли в школьную программу, о переводческой деятельности, особенно о том, что он гордился выпуском переводного тома есенинской лирики, ставшего творческой удачей казахского поэта.Его авторству принадлежат более 50 поэтических сборников, литературно-критических и детских книг. В республиканских театрах ставятся пьесы по его произведениям.