Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған.
2019 жылдың 27 тамызында Ақсу тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен №18 бөбектер бақшасында «Семей ядролық полигонындағы ядролық қарудың алғашқы сынағына 70 жыл» тақырыптық дәріс өтті. Шара барысында тәрбиеленушілерге аталған тақырыпқа байланысты толық мәлімет беріліп, фильм көрсетілді, сонымен қатар, викторина ұйымдастырылды.
Общее количество испытаний на Семипалатинском ядерном полигоне составило 456 ядерных и термоядерных взрывов. 116 из них были открыты, то есть были сделаны в наземном или воздушном пространстве. Общая мощность ядерных зарядов, испытанных на воздухе и на Земле на Семипалатинском полигоне, в 2,5 тысячи раз превышает мощность атомной бомбы, выброшенной в 1945 году в Хиросиму. Первое испытание ядерного оружия в Советском Союзе было проведено 29 августа 1949 года. Мощность бомбы составила 22 килотонны. Создание полигона было частью атомного проекта, и выбор был сделан, как оказалось впоследствии, весьма удачно — рельеф местности позволил проводить подземные ядерные взрывы и в штольнях, и в скважинах...
27 августа 2019 года №18 детском саду Аксуский историко-краеведческий музей организовал тематическую лекцию «70 лет с момента первого испытания ядерного оружия на Семипалатинском ядерном полигоне». В ходе мероприятия воспитанникам была дана информация по первому испытанию ядерного оружия, был показан видоефильм. А также для детей провели викторину.