Жеңіс күні – 9 мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
7 мамыр күні Ақсу тарихи-өлкетану музейінде “Біздің жерлестеріміздің майдандағы географиясы» атты шара өтті. Оған тарих ғылымдарының докторы, профессор Болат Рахметолла, еңбек ардагері Светлана Ярославцева, өрт сөңдіру бөлімшесінің қызметкерлері, сонымен қатар, Қанаш Қамзин атындағы орта мектебінің оқушылары мен "Альтернатива" Ақсу мүгедектер қоғамдық бірлестігі қатысты. Шара барысында сұм соғыс жайлы фильмдер мен слайдтар көрсетіліп, мектеп оқушылары Масгутова Арай, Мирас Медеу, Жұлдыз Жылқыбаева Ұлы Отан соғысының батыры Қанаш Қамзин атамызға авторлық өлең жолдарын арнап, музейге естелікке кітапшалар табыс етті, сондай-ақ, Жаяу Мұса атындағы колледждің студенті Инара Искакова домбырасын күмбірлете әдемі күй сыйлады. Айта кетсек, биыл Қанаш Қамзиннің 100 жылдық мерейтойы. Осы орайда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы төсбелгілер мен хаттардан тұратын көрме ұйымдастырылды. Өткен мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналды.
Война...Сколько человек украли из домов суровые войны, сколько огней потушили в домах, сколько матерей не верили в скробную бумагу с поля боя, и уходили в ожидании сыновей, сколько девушек остались вдовами, и сколько младенцев остались сиротами. День Победы - 9 мая - большой праздник по всему миру. Особенный праздник для ветеранов, которые поднимали всю тяжесть Второй мировой войны. 7 мая в Аксуском историко-краеведческом музее состоялось мероприятие “География наших земляков на фронте". В нем приняли участие доктор исторических наук, профессор Болат Рахметолла, ветеран труда Светлана Ярославцева, сотрудники отдела городской противопожарной безопасности ПЧ-11, учащиеся средней школы имени Канаша Камзина и а также Аксуское общественное объединение инвалидов "Альтернатива". В ходе мероприятия были показаны фильмы и слайды о войне, учащиеся школы Масгутова Арай, Мирас Медеу, Жулдыз Жылкыбаева исполнили авторские произведения, посвященные 100- летию со дня рождения Героя Великой Отечественной войны Канаша Камзина, передали в музей брошюры о К.Камзине. Студентка колледжа им. Жаяу Мусы отделения культуры Инара Искакова исполнила кюй "Балбұлақ" на домбре. А также была оформлена выставка предметов с фонда музея, посвященная дню Победы.