2019 жылдың 15 қаңтар күні Ақсу тарихи-өлкетану музейінде ХI съезд делегаты, облыс дәрежедегі дербес зейнеткер Н.Сембаеваның 95 жылдығына арналған «Жақсының артынан қалған ұлағатты сөз» атты музейлік сабағы өткізілді. Кешті ұйымдастырудағы мақсатымыз «Әркімнің өз дара жолы бар» екенін, оны кәсіби шеберлікті шыңдауда ойы мен сөзі бір жерден шығып және ісінен айқын көрініп тұратынын, өзі үшін емес өзгелер үшін, жас ұрпаққа және әріптестеріне, еліне, ұлтына берер пайдасы болғаны туралы дәріптеу. Өткізілген іс-шараның қонақтары Қалалық маслихатының хатшысы Омарғалиев Мәдениет Қабылдаұлы, қаламыздың Құрметті азаматтары, туыстары және Жаяу Мұса атындағы колледж студенттері мен №1 орта мектебінің оқушылары қатысты. Туған туыстары, жолдастары Нұржамал апайды еске алып, қызықты сәттермен бөлісті. Өткізілген іс-шарада Н.Сембайқызының өмірбаяны мен еңбек жолы туралы бейнероликтер мен презентация көрсетілді.
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған, - деп Абай Құнанбаев айтып кеткендей, Нұржамал Сембайқызы өте еңбекқор, жұмысына адал болған жан.
15 января 2019 года в Аксуском историко-краеведческом музее был проведен музейный урок «Жақсының артынан қалған ұлағатты сөз", посвященный 95-летию (1924) со дня рождения делегата XI съезда ВЛКСМ, персонального пенсионера областного значения Н.Сембаевой. Цель проведения мероприятия рассказать о том, что каждый имеет свой собственный путь, о том, что его мысли и слова переходят из одного места в другое и повышают его профессиональные навыки, и что он полезен для молодого поколения, для его страны и нации. В мероприятии приняли участие секретарь городского маслихата Омаргалиев Мадениет Кабылдинович, Почетные граждане города, родственники Нуржамал Сембаевой, студенты колледжа имени Жаяу Мусы и учащиеся средней школы №1. Была представлена презентация о трудовой деятельности и биографии Нуржамал Сембаевой.