Бүгін Павлодар Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде жерлесіміз, геология-минералогия ғылымдарының докторы Бекжанов Ғинаят Рахметоллаұлының 90 жылдығына арналған «Рухы биік ұлы перзент» атты еске алу кеші өтті.
Шара барысында шағын көрме ұйымдастырылып, кешіміздің арнайы қонақтары «замандас» клубының төрағасы Шакаримов Қабидолла Нұрсейітұлы мен белгілі өлкетанушы Соколкин Эрнест Дмитриевич жастармен кездесуде геология саласына байланысты қызықты оқиғалармен бөлісті.