Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

CAM02160 1                                                                    «Қиындықты жеңу» көрмесі

Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихында қаншама қиын кезеңдермен, зұлмат уақыттарды басыннан өткерді. Осындай қилы кезеңдерде ел тарихына, халық жадына өшпес із қалдырған жантүршігерлік қайғылы оқиғалар өте көп. Солардың ішіндегі ең үрейлісі – ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы жаппай қуғын-сүргін. Нақақтан-нақақ ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары «ұлтым» деймін деп – «ұлы қылмыс» жасап, «халқым» деймін деп – «халық жауы» деген жала жабылып атылып кетткен болатын. Елбасының бастамасымен 1997 жылдан бастап «31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми бекітілген болатын. Содан бері бұл күн жылдар сайын жалғасын тауып, өткен күндердің қиындығын еске түсіріп, сол жылдардың құрбандары туралы өскелең ұрпаққа тәлім беретін күнге айналды.
Осы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай 2017 жылдың 29 мамыр күні Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қиындықты жеңу» атты көрменің ашылу салтанаты өткен болатын. Көрмеге Г.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің экспонаттары, фотоқұжат материалдары, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың мұрағаттық құжаттары, музейдің ғылыми кітапханасы қорындағы кітаптар, діни қызметшілердің жеке қорындағы экспонаттар қойылды.
Көрменің ерекшелігі - қуғын-сүргінге ұшыраған дін өкілдері, молдалар, имамдарға қатысты болуында.
Солардың бірі - Ғабдулатип Сұлтанғазин. Мұрағаттық құжат деректері бойынша Ғ. Сұлтанғазин үш жылдық мұсылмандық курсты бітірген. Кеңес үкіметі орнағанға дейін мектеп-медреседе мұғалім-молла, кейін Маралды болысының Басқұдық мектебінде мұғалім болып қызмет атқарады. Ғ. Сұлтанғазин 1931 жылы тұтқындалып, оған 1916-1917 жж. қозғалысқа қатысты, «Алаш» партиясы мүшесі және дінді таратушы деген айыптар тағылады.
Сонымен қатар көрмеде өлкеміздің бетке ұстар мақтаныштары Е. Бекмаханов, С. Аймағамбетов, Н.Бакин, Ә. Қабжан, Б. Өскенбаев және т.б. тұлғалардың фото-құжаттары көрмеге қойылды. Көрменің ашылу салтанатына Ақ мешіт мешітінің имамы Асхат Қажымұратұлы, Благовещен кафедралді соборы діни қызметшісі Артемий Жданов, тарихшы-өлкетанушы Б.М. Хазыров, еврей қауымы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Х.М. Лобченко, мұрағатшылар В.Д. Болтина, Л.В. Шевелева, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары: А. Ә. Сұлтанғазина, А.С. Аймағамбетов, С.Х. Смағұлов және т.б. қатысты.
Түйіндей келе, осы сұрапыл жылдары ел басына түскен қасірет және оның зардабы ешқашан ұмытылмайды. Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың есімі тарих беттерінен ешқашан өшпек емес. Осы орайда олар туралы нақақтан-нақақ қуғындалып, ақталған, бірақ әлі күнге дейін тиісті бағаланбай жүрген азаматтардың есімдерін анықтау, олар жайлы ғылыми еңбектер жазу, насихаттау алдағы уақыттың еншісінде.

Өлке-тарихы бөлімі маманы Байбуранов Д.Б.

IMG 314 июня 2017 г. в 11.00 ч. в Экибастузском историко-краеведческом музее откроется выставка «Георгий Маленков – третий вождь страны Советов». В Казахстан эту экспозицию, подготовленную Оренбургским благотворительным фондом «Евразия» и Оренбургским губернаторским историко-краеведческим музеем, привозит сын бывшего руководителя СССР Андрей Георгиевич Маленков. Теперь ее увидят в городе, где Маленков провел 10 лет своей жизни.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IMG 3239 IMG 3237

IMG 3129 В Доме-музее Д.П. Багаева прошла презентация фотовыставки «Познавая мир», посвящённая Международному Дню защиты детей.
С большим интересом и вниманием юные зрители слушали слова профессиональных фотографов на вновь открывшейся выставке в Доме-музее Д.П. Багаева. Своё видение окружающего мира представила автор Дарья Баженова. Ученица девятого класса города Усть-Каменогорск по-особому относится к миру фотографии.
Выставка будет работать в течение месяца. Дом-музей Д.П. Багаева (Ленина, 200)

 

 

IMG 3130

 

IMG 3127

IMG 30892017 жылдың 26 мамыр күні Омбы мемлекеттік тарихи-өлкетану музейінде саяси қуғын сүргін құрбандарына арналған Дмитрий Багаевтың «Павлодар Ертіс өңірі объективте» атты халықаралық фото көрмесінің ашылуы болды.
Іс-шара Павлодар қаласындағы Д.П. Багаев мемориалды музей үйімен бірлесіп өтті. Көрмеден Павлодардың алғашқы кәсіби фотографы, Павлодар облысының жылнамашысы Дмитрий Багаевтың 20 ғасырдың басында істеген жұмыстарын көрермендер көре алды.
Көрме екі ай бойы жұмыс істейді.

 

 

 

 

IMG 3088

IMG 3091

 

IMG 3090

 

IMG 3052 2017 жылдың 29 маусым күні сағ. 15.00-де Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Қиындықты жеңу» атты көрменің ашылуы болды. Көрменің ашылу салтанатына Ақ мешіт мешітінің имамы Асхат Қажымұратұлы, Благовещен кафедралді соборы діни қызметшісі Артемий Жданов, тарихшы-өлкетанушы Б.М. Хазыров, мұрағатшылар В.Д. Болтина, Л.В. Шевелева және Павлодар заң колледжінің студенттері қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IMG 3054

 

IMG 3063

IMG 3050

IMG 3017"Ертіс Павлодар өңірінің тарихы" көрме Жамбыл облыстық тарихи- өлкетану музейінде. Тараз қаласының жұртшылығы өңіріміздің тарихы мен мәдениетімен танысты. Көрме ай бойы жұмыс істейді.

 

 

 

 

 

 

 

IMG 3018

IMG 3040

PcY8tXdcsboПо ежегодной традиции в Международный день музеев 18 мая 2017 года в Павлодарском областном историко-краеведческом музее им. Г.Н. Потанина прошло «Ночь в музее».
У жителей и гостей города появилась возможность совершить увлекательное путешествие в прошлое нашего края, историю ярмарок, увидеть ожившие экспонаты, услышать легенды.
На улице перед музеем был воссоздан «Караван истории: от Кояндинской ярмарки до EXPO 2017». Ярмарки всегда сопровождалась концертами и представлениями: знаменитая певица Майра, акын Естай, клоуны, фокусники, коробейники с товарами, цирюльники, купцы.
А внутри музея посетителей ожидала театрализованная экскурсия.

 

 

 

 

 

 

mRDqFytxkkw wFFGX82r k

IMG 2532По ежегодной традиции в Международный день музеев 18 мая 2017 года в 19.00. часов Павлодарский областной историко-краеведческий музей им. Г.Н. Потанина ждет гостей на «Ночь в музее».
У жителей и гостей города появится возможность совершить увлекательное путешествие в прошлое нашего края, историю ярмарок, увидеть ожившие экспонаты, услышать легенды.
На улице перед музеем будет воссоздан «Караван истории: от Кояндинской ярмарки до EXPO 2017». Ярмарки всегда сопровождалась концертами и представлениями: знаменитая певица Майра, акын Естай, клоуны, фокусники, коробейники с товарами, цирюльники, купцы.
А внутри музея посетителей ожидает театрализованная экскурсия.
Приглашаем Вас в Павлодарский областной историко-краеведческий музей им. Г.Н. Потанина!!!