Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музеійінің қорынан «Көшпенділер мұрасынан сыр шертеді» атты көшпелі көрме Кенжекөл ауылының Мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Көрмеге қазақ халқының киіз үйі, орта ғасырда ата-бабаларымыздың қолданған қолданбалы ыдыс-аяқтары мен кесеқаптары және Ертіс-Баян өңірінде тіршілік ететін құстар мен аңдар әкелінді. ​Сондай-ақ баһадүр батырларымыздың ұстаған «Ер қаруы-бес қару» да көрмеден орын алды. Жергілікті тұрғындар мен оқушылар келіп тамашалады.

WhatsApp Image 2023 09 26 at 12.51.17WhatsApp Image 2023 09 26 at 12.51.18WhatsApp Image 2023 09 26 at 12.51.19


Еңбек күні қарсаңында тарихи-өлкетану музейінде "Дәуір. Адамдар. Оқиғалар". Көрмеге музей қызметкерлерінің тарихи фотосуреттері, мерейтойлық және естелік іс-шаралар, Павлодар облысының белгілі тұлғаларымен және еңбеккерлерімен кездесулер қойылды. Көрме 25 қыркүйекке дейін жалғасады.

День труда 2День труда 3День труда 5


2023 жылғы 15 қыркүйекте «Ertis» мультимедиялық музейінде мемлекет қайраткері М.И. Есенәлиевтің 95 жылдығына орай «Саясаткер, дипломат М.И Есенәлиев» панельдік кездесуі өтті. Сондай-ақ, ұлы қайраткер, академик М.И. Есенәлиевтің ғылыми мұрасын дәріптеу мақсатында көрме ұйымдастырылды. Іс-шарада Павлодар облысының құрметті азаматы К.И. Шакиримов, облыстық ардагерлер кеңесінің хатшысы В. В. Шершнева және облыстық музейдің өлке тарихын ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Г. М. Алиева сөз сөйледі. Олар Михаил Ивановичтің өмірі мен еңбек өмірбаянын, оның елдің мәдениеті мен халықаралық қатынастарының дамуына қосқан үлесі туралы айтып берді. Тыңдаушылар ретінде музыкалық колледж студенттері қатысты.

WhatsApp Image 2023 09 15 at 15.30.57WhatsApp Image 2023 09 15 at 15.30.58 2WhatsApp Image 2023 09 15 at 15.30.59


Мемлекет және партия қайраткері, дипломат М.И. Исиналиевтің 95 жылдығына орай «Ел үшін еңбек еткен тұлға» көрме ашылды. Көрмеде музей қорларының материалдары - жеке заттар, қолжазбалар, фотосуреттер, кітаптар, өмірлік,еңбек жолы туралы баяндайтын құжаттар ұсынылған. 2023 жылы музей қызметкерлеріне жұбайы Майя Ивановна электронды пошта арқылы отбасылық мұрағаттан бірегей фотосуреттер жіберді, оларды келушілер көрмеден көре алады.

WhatsApp Image 2023 09 14 at 15.36.38WhatsApp Image 2023 09 14 at 15.36.39WhatsApp Image 2023 09 14 at 15.36.39 1


С. Дөнентаев атындағы қалалық мәдениет сарайының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Jastar” креативтік орталығында Абай атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларына Социалистік Еңбек Ері Мәжен Қабылбековтың 100 жылдығына арналған "Ұстаздық еткен жалықпас" атты таңымдық сағат өткізілді. Іс-шарада оқушыларға Жолқұдық ауылының екі тумасы: еңбек сіңірген ұстаз, мектеп директоры М.Қабылбеков және Кеңес Одағының Батыры Қ.Қамзиннің өмірбаяны мен еңбегі, педагогикалық қызметі мен Батырдың ерлігі туралы ақпарат беріліп, "Екі тағдыр" деректі фильмі көрсетілді. С. Дөнентаев атындағы қалалық мәдениет сарайының әдіскері Алма Тукушева оқушылар арасында сұрақ-жауап ойының өткізіп, барлық оқушыларға алғыс хатпен тәтті сыйлық табыс етті.

WhatsApp Image 2023 09 13 at 15.47.17WhatsApp Image 2023 09 13 at 15.47.13WhatsApp Image 2023 09 13 at 15.47.10


Ақсу тарихи-өлкетану музейінде отбасы күніне орай "Бүкіл отбасы музейге бір билетпен!” атты музейдегі отбасылық демалыс өткізілді. Іс-шараға өңірге танымал көпбалалы отбасылардың қолданбалы шығармашылық шеберлері - аналар "Бастау" мемлекеттік бағдарламасының жеңімпаздары: "Ұлттық киім - ұлт ажары" ұлттық киім байқауының жеңімпазы "Көксынова Гаухар, "Көрпефест-2021" республикалық фестивалінің қатысушысы Зульдибаева Әсемгүл және тоқыма шебері Жансая Шәкірова қатысты.

Қала көшелерімен виртуалды экскурсия, "Кім күшті" викторинасы және музейге шолу экскурсиясы өткізілді. Қолөнершілер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында іс-шараның барлық қатысушыларына (көп балалы аналарға) партиялық жарналардың 20% қайтарылым қаражатынан сертификаттар табысталды.

295


2023 жылғы 5 қыркүйекте біз Павлодар Ертіс өңірінің алғашқы кәсіби фотографтарының бірі, белгілі өлкетанушы, Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің негізін қалаушы және бірінші директоры Дмитрий Поликарпович Багаевтің туғанына 139 жыл толуын атап өтеміз. Осы күнге орай Д.П. Багаев мемориалдық мұражай-үйі Коренчук В.Д. және О.В. Коренчук «Тағдыр сыйлаған сәттер» фотокөрмесін аштты.

Көрме 2023 жылдың 5 қазанына дейін жалғасады.

WhatsApp Image 2023 09 06 at 10.12.20WhatsApp Image 2023 09 06 at 10.12.03WhatsApp Image 2023 09 06 at 10.12.19


30 маусымда «Ertis» музейінде Домбыра күніне арналған «Үкілі домбыра» ұлттық музыкалық аспаптар көрмесінің ашылуы өтті.№37 ЖОББМ оқушылары аспаптың пайда болу тарихы туралы білді, домбыраның дыбысын тыңдап, күй аңызымен танысты. Көрмеге келушілер шеберлер М. Әбікеев пен Ж. Жанпейісов жасаған музыкалық аспаптарды, сондай-ақ ХХ ғасырдың басындағы ақын Қ.А. Әлсейітов пен халық ақын-импровизаторы Т. Арғынбаевқа тиесілі домбыраларды тамашалай алады.

WhatsApp Image 2023 07 03 at 15.34.18WhatsApp Image 2023 07 03 at 15.34.20WhatsApp Image 2023 07 03 at 15.34.19