Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

«Ertis» музейінде «Қызықты адаммен кездесу» жобасы аясында археолог, тарихшы, өлкетанушы және тарих ғылымдарының кандидаты В. К. Мерцпен сұхбат өтті. Іс-шараға техникалық сервис колледжі мен гуманитарлық-педагогикалық колледж студенттері қатысты. Кездесу барысында жастар бас қонақтың мансабымен, кәсіби дамуымен, оның ашқан жаңалықтарымен және археологиядағы ғылыми қызметімен танысты. 

WhatsApp Image 2024 03 18 at 10.14.57 1WhatsApp Image 2024 03 18 at 10.14.57WhatsApp Image 2024 03 18 at 10.14.56


Отбасы - шағын мемлекет деп бағалайтын елімізде әрбір отбасы мүшесін бірлікке, бауырмалдылыққа үндеп, қоғамның діңгегін қалыптастырады. Бүгін Наурызнама бағдарламасы бойынша Шаңырақ күніне орай Ақсу қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп «Берекелі шаңырақ» атты кездесу ұйымдастырылды. Осы іс-шараға Евгеньевка аулынынан Усиновтар, Ақсу қаласынан Сүлейменовтар, Құсаиновтар, Кекиловтар, Ракуловтар мен Қайырғожиндер отбасы қатысып, қара металлургия колледжінің студеттеріне өз отбасының ұстамы, еркек пен әйелдің рөлі, өнерлерімен бөлісті.

128


2024 жылдың 15 наурызында «Достық үйінде» өткен «Ұлы Даланың ұлы есімдері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция танымал ғалымдар, тарихшылар мен зиялы қауым өкілдерін, музей қызметкерлерін жинады. Конференция барысында бай мәдени мұраны қалдырған атақты тұлғалардың өмірі мен қызметі туралы жаңа ақпарат беріліп,олардың есімдерін сақтау мен насихаттауда ұсыныстар айтылды.

WhatsApp Image 2024 03 15 at 16.37.33WhatsApp Image 2024 03 15 at 16.37.34 3WhatsApp Image 2024 03 15 at 16.37.35


2024 жылдың 13 наурызында Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ертіс музейі бөлімшесінде, «Наурыз» мейрамы аясында бабалармыздан қалған мұраларамызды одан әрі түрлендіру және әдет-ғұрпымызды насихаттау мақсатында «Ұршық FEST» облыстық қолөнершілерінің байқауы өтті. Бұл байқауға облысымыздың Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен Баянауыл, Май, Аққулы және Шарбақты аудандарының ең таңдаулы ұршық иіру шеберлері қатысты. Осы байқау барысында Музейдің көрме залында байқауға қатысушылардың қолөнер туындыларынан көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды. Байқау нәтижесінде қатысушылар алғыс хаттармен, жеңімпаздар ақшалай жүлдемен марапатталды.

IMG 2371IMG 2794IMG 2414


«Ertis» музейінің көрме залында Александр Васильевич Пархоменконың «Казахстан. Земля и люди» атты жеке фотокөрменің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара барысында көрме авторына көптеген жылы сөздер айтылды. Фотографтың жұмысы әріптестерінің, достарының, таныстарының және қонақтарының ерекше таңданысын тудырды. Александр Пархоменконың еңбектері Қазақстанның салт-дәстүрлері, мерекелері мен күнделікті өмірі туралы баяндайды. Сүйікті қаланың сұлулығы панорамалық суреттер арқылы жеткізіледі. Олардың ішінде түнгі Павлодардың фантастикалық бейнелері ерекше көзге түседі. Авторға жақын Павлодар Ертіс өңірінің пейзаждары және табиғат тақырыбы.

photo 5447246342675093706 wphoto 5447246342675093707 wphoto 5447246342675093713 w


Д.П. Багаевтың музей - үйінде Халықаралық әйелдер күніне арналған «Мир глазами женщины» фотокөрмесі ашылды. Көрмеде Татьяна Берендеева, Татьяна Алексенко, Катерина Фридлина, Марина Терещенко, Айгуль Тулегенова, Юлия Гирько және Екатерина Завсигалова фотограф - әйелдердің фотожұмыстары қойылды.Көрме 2024 жылдың 27 наурызына дейін жалғасады.

WhatsApp Image 2024 03 14 at 12.42.02WhatsApp Image 2024 03 14 at 12.42.03 2WhatsApp Image 2024 03 14 at 12.42.03


Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі Халықаралық әйелдер күні қарсаңында сүйкімді ханымдарға арналған "Көктемгі букет" тақырыптық кешін өткізді. Кеш қонақтары өз мақсатына табандылықпен ұмтылып, өмірде өз кәсібін тапқан әйелдер болды. Олар тарихқа, археологияға, мәдениетке, өнерге жақын өз ісінің нағыз майталмандары. Кеш барысында музей туралы өз ойларымен бөлісті. Әсем әндер де шырқалды.

WhatsApp Image 2024 03 06 at 16.58.24WhatsApp Image 2024 03 06 at 16.52.45WhatsApp Image 2024 03 06 at 16.52.47




Киелі Баянауыл елінің С. Торайғыров атындағы мәдени-сауық орталығында «Ұлыларды ұлықта» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Ашылуына аудан әкімінің орынбасары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Мәдениет үйінің сахнасында баянауылдық мерейтой иелернің шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеші жалғасын тапты. Кеште әрбір тұлға жайында жеке-жеке насихатталып, орындаған әндері шырқалды. Кешке ауылдық, аудандық мектептердің оқушылармен жергілікті тұрғындар қатысып, кештің мағаналы да, маңызды өткені үшін алғыстарын білдірді.

WhatsApp Image 2024 03 01 at 09.34.50WhatsApp Image 2024 03 01 at 09.34.34WhatsApp Image 2024 03 01 at 09.34.47