Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

С. Дөнентаев атындағы қалалық мәдениет сарайының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Jastar” креативтік орталығында Абай атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларына Социалистік Еңбек Ері Мәжен Қабылбековтың 100 жылдығына арналған "Ұстаздық еткен жалықпас" атты таңымдық сағат өткізілді. Іс-шарада оқушыларға Жолқұдық ауылының екі тумасы: еңбек сіңірген ұстаз, мектеп директоры М.Қабылбеков және Кеңес Одағының Батыры Қ.Қамзиннің өмірбаяны мен еңбегі, педагогикалық қызметі мен Батырдың ерлігі туралы ақпарат беріліп, "Екі тағдыр" деректі фильмі көрсетілді. С. Дөнентаев атындағы қалалық мәдениет сарайының әдіскері Алма Тукушева оқушылар арасында сұрақ-жауап ойының өткізіп, барлық оқушыларға алғыс хатпен тәтті сыйлық табыс етті.

WhatsApp Image 2023 09 13 at 15.47.17WhatsApp Image 2023 09 13 at 15.47.13WhatsApp Image 2023 09 13 at 15.47.10