Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Екібастұз тарихи – өлкетану музейімен Екібастұз кен орнын игерудің басталуының 70 жылдығын мерекелеу шеңберінде өз ісіне адал қызмет еткен «Богатырь» кенішінің бас механигі, ғылым және техника саласында КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Серікбай Әбжалиұлы Шешембековтың 85 жылдығына   «Өнертапқыш Серікбай Шешембеков» атты еске алу кеші ұйымдастырылды. С. Шешембеков «Богатырь» кенішінде сынама іріктеу машинасын құру мен енгізудің бастамашысы болды. Ол жеті рационализаторлық ұсыныстың авторы, оның үш баспа жұмысы жарық көрді. 1978 жылы роторлы техниканы пайдалана отырып, Екібастұз бассейнін жоғары тиімді дамытқаны және күрделі құрылымды қабаттардан үлкен көлемде көмір өндіргені үшін Серікбай Әбжалиұлы Шешембеков авторлардың шығармашылық ұжымы қатарында ғылым мен техника саласындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Есімді ұлықтау, өнегелі өмір және еңбек жолын насихаттау, ұрпаққа үлгі ету мақсатында өткен кеште Екібастұз қаласының құрметті азаматы С.Ж.Рамазанов, кеншілер өнеркәсібінің ардагері, «Богатырь» кенішінің экскаватор машинисі С.С.Садыков, мемлекеттік қызмет ардагері Б.К.Куспеков сөз сөйлеп, ғибратқа толы естеліктерімен бөлісті. Кеште «Славяночка» вокалды тобының орындауында «Екібастұз», «Кеншілер» туралы әндер шырқалды. Шараға еңбек ардагерлері, Қ.Пішенбаев атындағы тау-кен колледжі мен политехникалық колледж студенттері қатысты.

3574f076 31d4 4229 b31c abb900ec44697caf6ea5 303f 4dcb b912 d018dd2589a7f57ddac2 be1d 4eea 8464 d388088bf88a


Екібастұз тарихи – өлкетану музейінде 18 наурыз күні көктемнің басталуы мен ұлттық киімнің сұлулығын «Тақия сыйладың сен арнап маған» тақия fest фестивалінде атап өтті. Ұлттық тігін өнерінің шеберлері өз туындыларымен бөліссе, «Қамажай» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің мүшелері мерекеге қайталанбас дем сыйлады. Ісмер Жұмашева Меруерттің шеберлік сабағы көрермен үшін ерекше қызықты болды. Осы шараға қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз! Салт-дәстүрімізді сақтап, құрметтеп, тәжірибе алмасып, бір-бірімізді жаңа жетістіктерге шабыттандырайық.

0b32ec09 5b87 4315 87a4 c52e2097c2031e716ac4 7363 4ff3 a5e4 85b914521d04df16bc69 748a 4b2c a2f7 7da33d582663


 

Бүгін Жаңару күні тарихи-өлкетану музейінде "Наурыз-жанның әні" фольклор сабағы өтті. Бұл қазақ мәдениетінің қалыптасуыменен жаңару мерекесі болды, онда әрбір қатысушы жасына қарамастан ұлттық мереке атмосферасына еніп, қазақтың салт-дәстүрлерімен танысты. Құс салып, саятшылықпен айналысу туралы да мағұлматтар берілді. Тұсаукесер барысында балалар көшпенділердің дәстүрлі тұрғын үйі туралы біле отырып, нағыз киіз үйдің ішкі безендірілуіне таңданыспен және қызығушылықпен қарады. Бұл кешке шынайылық пен тартымдылық атмосферасын әкелді. Балалар Қазақ ұлттық тағамдары мен қолданбалы өнерді зерттеуге қуана қатысты.

WhatsApp Image 2024 03 19 at 15.18.09WhatsApp Image 2024 03 19 at 14.48.36WhatsApp Image 2024 03 19 at 14.48.36 1


Наурыз-астрономиялық күнтізбесі бойынша көктемнің келу мерекесі. Бұл мың жылдан астам уақыт бойы тойланып келе жатқан өте әдемі мереке. Бұл өмірдің циклдік сипатын, жаңа жылдың басталуын білдіреді. Наурыз мейрамына орай музейде Ы.Алтынсарин атындағы мектептің 5 б сыныбының оқушыларына «Армысың - Әз Наурыз!» атты танымдық сағаты өткізілді. Айналада салтанатты, көтеріңкі көңіл-күй орнады. Қонақттар ұлттық киімде келіп кешіміздің сәнін келтірді. Шара барысында көрермендерге Наурыз мерекесінің шығу тарихы туралы мәліметтер беріліп, слайд, бейне баян көрсетілді. Оқушылармен қазақтың «Асық ату», «Қол күрес» ұлттық ойын түрлері ойнатылды. Наурыз мерекесі туралы көптеген өлеңдер мен әндер айтылып, қыздар домбырада «Наркезкен», «Шаттық» күйлерін нақшына келтіре ойнады. Кеш соңында қонақтар мерекеге арнайы дайындалған дастарханнан дәм татты.

IMG 20240314 WA0089IMG 20240314 WA0117IMG 20240314 WA0122


WhatsApp Image 2024 03 15 at 15.31.43WhatsApp Image 2024 03 15 at 15.31.55WhatsApp Image 2024 03 15 at 15.31.54


«Ertis» музейінде «Қызықты адаммен кездесу» жобасы аясында археолог, тарихшы, өлкетанушы және тарих ғылымдарының кандидаты В. К. Мерцпен сұхбат өтті. Іс-шараға техникалық сервис колледжі мен гуманитарлық-педагогикалық колледж студенттері қатысты. Кездесу барысында жастар бас қонақтың мансабымен, кәсіби дамуымен, оның ашқан жаңалықтарымен және археологиядағы ғылыми қызметімен танысты. 

WhatsApp Image 2024 03 18 at 10.14.57 1WhatsApp Image 2024 03 18 at 10.14.57WhatsApp Image 2024 03 18 at 10.14.56


Отбасы - шағын мемлекет деп бағалайтын елімізде әрбір отбасы мүшесін бірлікке, бауырмалдылыққа үндеп, қоғамның діңгегін қалыптастырады. Бүгін Наурызнама бағдарламасы бойынша Шаңырақ күніне орай Ақсу қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп «Берекелі шаңырақ» атты кездесу ұйымдастырылды. Осы іс-шараға Евгеньевка аулынынан Усиновтар, Ақсу қаласынан Сүлейменовтар, Құсаиновтар, Кекиловтар, Ракуловтар мен Қайырғожиндер отбасы қатысып, қара металлургия колледжінің студеттеріне өз отбасының ұстамы, еркек пен әйелдің рөлі, өнерлерімен бөлісті.

128


2024 жылдың 15 наурызында «Достық үйінде» өткен «Ұлы Даланың ұлы есімдері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция танымал ғалымдар, тарихшылар мен зиялы қауым өкілдерін, музей қызметкерлерін жинады. Конференция барысында бай мәдени мұраны қалдырған атақты тұлғалардың өмірі мен қызметі туралы жаңа ақпарат беріліп,олардың есімдерін сақтау мен насихаттауда ұсыныстар айтылды.

WhatsApp Image 2024 03 15 at 16.37.33WhatsApp Image 2024 03 15 at 16.37.34 3WhatsApp Image 2024 03 15 at 16.37.35