Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

«Ақтабан Шұбырынды, Алқакөл-сұлама» оқиғасының 300 жылдығын атап өту бойынша іс-шаралар жоспары бойынша бекітілген жоспар аясында 

атқарылған жұмыс туралы Ақпарат

Г.Н .Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі аталған іс-шаралар жоспарының 14 бабы бойынша 2023 жылдың II тоқсанында «Туған өлкем» Аққулы ауданының Шарбақты ауылына және Май ауданының Көктөбе ауылына ғылыми- зерттеу экспедициясы жоспарланған. Экспедицияның мақсаты - Арғын - Бәсентиін руында 700 әскердің қолбасшысы болған Шақшан Батырдың (1700 - 1770 ж.ж. өмір сүрген), сонымен қатар Абылай ханның серігі Нарнай батырдың жерленген орындарын анықтау.

Казіргі кезде осы тарихи оқиғаларға байланысты архивтік құжаттарды анықтау, мәліметтермен танысу, алдын ала дайындық жұмыстар өткізуліде. Экспедицияға сырттан ғалымдармен өлкетанушылар тартылған (Дәурен Аяшинов, тарихшы- өлкетанушы, ұрпағы Рауанқажы Сейфуллин).

Экспедицияның жұмысы шілде айында басталады.