Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

«Ertis» музейінде Павлодар қаласының тарихшыларының, нумизматтарының, коллекционерлерінің, Ұлттық банктің өкілінің және АЕҚ «Торайғыров университетінің» «Қаржы және есеп» кафедрасының доцентінің қатысуымен ұлттық валютаның 30 жылдығына арналған «Теңге: ұлттық валютаның ерекшеліктері» көрмесінің ашылуы өтті.Кез-келген мемлекеттің тарихы өз валютасының тарихын қамтиды, ол тек бір рет енгізіледі және тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі болып табылады. Іс-шара қонақтары ұлттық валютаның қалыптасуы мен эволюциясы арқылы ақша қатынастарының тарихымен танысты. Көрмеде келушілер «Шығыс базарын» және оның алуан түрлілігі мен тауарларының көптігін, Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан, Павлодар география үйі коллекцияларынан, сондай-ақ В. П. Столяров пен А. А. Леонтьевтің жеке коллекцияларынан ақша белгілерінің коллекциясын көре алады. Барлық тілек білдірушілерді күтеміз!

6104