Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде Республика Күнін тойлау аясында Г.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейі қорынан ұйымдастырылған «Мәңгілік жаса, қыран елім» атты көрме ашылу салтанаты өтті. Көрме тұсау кесеріне Екібастұз қалалық маслихатының төрағасы Н.Макраев, Екібастұз қаласының құрметті азаматы Ж. Қоғабай, қолөнер шебері Р. Қоғабай, мүсінші Б. Қайнышева қатысты. Сондай-ақ көрмені ұйымдастырушылар – археолог, Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің палеонтология жәге археология, табиғатты қамтамасыз ету бөлім басшысы Георгий Юрьевич Пересветов, Д.П.Багаев мемориалдық мұражай үйінің бөлім меңгерушісі К.А.Шайдуллина, ардагерлер Кеңесінің өкілдері, тарих пәнінің мұғалімдері, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері, №33 мектеп оқушылары қатысты.

Көрме 2023 жылдың 25 қарашасына дейін жалғасады.

WhatsApp Image 2023 10 19 at 13.50.02WhatsApp Image 2023 10 19 at 13.50.03WhatsApp Image 2023 10 19 at 13.50.11