Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Ақсу тарихи-өлкетану музейінде С. Дөнентаев атындағы мәдениет сарайының ұжымым және «Қазақ тілі» қоғамы бірлестігімен бірлесіп «Міржақып Дулатұлы – алаштың сөнбес жұлдызы» дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шарада қара металлургия колледжінің 1 курс студенттері мен Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушыларына сирек архивтік материалдар, фильм үзінділері және оның еңбектерінің бейнефильм мен фотослайд арқылы ақын, жазушының өмірбаяны туралы түсінік беріліп, білімдері жетілдірілді. Оқушылар М.Дулатовтың алаш қозғалысының ұранына айналған «Оян, Қазақ!» өленің мәнерлеп оқып берсе, әнші С. Дөнентаев атындағы мәдениет сарайының солисі Ә.Сейітов әнді орындап жастардың патриоттық рухын көтеріп берді.

WhatsApp Image 2025 11 27 at 16.47.26 2WhatsApp Image 2025 11 27 at 17.51.15WhatsApp Image 2025 11 27 at 17.57.07