Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде Алғыс айту күніне орай «Еріктілердің жұмыс күндері» Легион-14 іздестіру-гуманитарлық көмек тобының еріктілерімен кездесу өтті. Бұл – Велижанская Оксана Геннадьевна, Кайсина Диана Бакытжановна, Похилюк Ольга Владимировна, Абабкина Надежда Николаевна.

Қыздар іздестіру және гуманитарлық көмек көрсету қызметі туралы, оның бағыттары мен қала тұрғындарына, сондай-ақ басқа да адамдарға қандай көмек көрсетілетінін баяндап берді. Сонымен қатар, ерікті болу үшін не істеу керектігін түсіндірді.

«Қайнар» білім беру-демалыс кешенінің жас еріктілері өздерінің жұмыстағы жетістіктерімен бөлісті. Кездесуге «Жас өркен» жастар үйінің тәрбиеленушілері мен Павлодар облысы ІІБ 2-ші батальонының қызметкерлері де қатысып, еріктілермен бірлескен жұмыстары туралы баяндап, стратегиялық маңызды экономикалық нысандарды қорғау кезінде ұрлықтардың алдын алған қызметкерлерді атап өтті. Олар – полиция сержанты Қабиболла Айтжан Мақсатұлы мен полиция сержанты Теміржанова Жұлдыз Серікқызы.

c65b9bf0 6aae 4eab 9ae0 c68ea7d627fa6d3bcd10 4af3 495a 92c8 6b8724cdb3364b5c09db 4974 4fbe bfaf 63d3b7e14107