Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Неміс ғалымы, Берлин FA-ның мүшесі және Санкт-Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі, ғалым, саяхатшы Александр Гумбольдт 1829 жылы Қазақ даласын аралады. Өскемен мен Бұқтырмада, Ертіс жағалауында, Семейде, Петропавлда, Оралда, қыр өлкесінің «астаналары» Омбы мен Орынборда, Каспий теңізі мен Эльтон көлінде болды. Гумбольд қазақтар туралы жарық көрген еңбектерді қадағалап отырды. Өмірінің соңғы күндеріне дейін ғалым Қазақ даласы жөніндегі зерттеулерін тоқтатпады. 19 ғасырдың 50-60 жылдарында Гумбольд еңбектерімен Шоқан Уәлиханов жақсы таныс болды. 2019 жылдың 12 қыркүйегінде Ақсу тарихи-өлкетану музейінде «Александр Гумбольдт – ғалым, саяхатшы» атты тарихи сағат өтті. Оған №1 және №2 мектептердің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Шара барысында ғалымның өмірбаяны мен қызметі, саяхат жасаған жерлері жайлы ақпарат беріліп, слайд көрсетілді, сонымен қатар, келушілер мұражай ішін аралап, атақты фотограф-өлкетанушы, өлкетану музейінің негізін қалаған Д.П.Багаевтің жылжымалы көрмесімен таныс болды.

Немецкий ученый, член Берлина АН (1800), почетный член Санкт-Петербургской академии наук, ученый, путешественник Александр Гумбольдт в 1829 г. посетил казахскую степь. В Усть-Каменогорске, на берегу Иртыша, Семее, Петропавловске, Уральске, «столицы» Крымского края побывал в Омске и Оренбурге, Каспийском море и на озере Эльтон. Особое внимание уделялось определению химического состава воды Каспийского моря, его рыбному и животному миру. Данные экспедиции по микро-биологии, зоологии, геологии о Каспийском море стали ценным вкладом в науку — озероведению. До последних дней жизни ученый не прекращал исследования по казахской степи. В 50-60-е годы 19 века Шокан Уалиханов был хорошо знаком с трудами Гумбольдта. 12 сентября 2019 года в Аксуском историко-краеведческом музее состоялся исторический час «Александр Гумбольдт – ученый, путешественник». На данном мероприятии приняли участие учителя и учащиеся СШ №1 и №2. В ходе мероприятия была представлена информация о местах путешествий, показаны слайды о биографии и деятельности ученого. По окончании исторического часа, провели экскурсию по музею, а также, ознакомились с передвижной выставкой известного фотографа-краеведа, основателя краеведческого музея Д. П. Багаева.

SAM 6417SAM 6437SAM 6439SAM 6448SAM 6451SAM 6454





12 қыркүйек күні Г.Н. Потанин мен Ш. Уәлиханов ескерткішінің маңында 11-ші мектеп оқушыларына арналған «Ғылым үшін достық» білім аукционын өткізілді. Григорий Николаевич Потанин мен Шоқан Уәлиханов, екі көрнекті тұлға, 19 ғасырда өмір сүрген және Қазақстанның мәдениеті, ғылымы мен әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан екі дос, қола мүсіндік композицияда мәңгілікке қалды. Балалар экскурсия жетекшісін үлкен қызығушылықпен тыңдады және шара соңында балалар викториналық сұрақтарға жауап берді.

12 сентября у памятника Г.Н. Потанину и Ч. Валиханову для учащихся 11 школы прошёл аукцион знаний «Дружба во имя науки». Григорий Николаевич Потанин и Чокан Валиханов - два выдающихся человека, два друга, жившие в XIX веке и внесшие большой вклад в развитие культуры, науки и литературы Казахстана, увековечены в бронзовой скульптурной композиции. Ребята с большим интересом прослушали экскурсовода и по окончании мероприятия ребята отвечали на вопросы викторины.

20190912 125944IMG 20190912 WA0008IMG 20190912 WA0022


Өскелең ұрпақ өз тарихы мен үлгі тұтар азаматтарды біліп жүруі тиіс. Сондай белгілі азаматтардың бірі - атақты күйші Рүстембек Омаров. Қазақ КСР халық әртісі, домбырашы Рүстембек Бейсенұлы - 1919 жылы Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Шарбақты ауылында дүниеге келген. Биыл Павлодар өңірі дарынды тұлғаның 100 жылдығына орай түрлі шаралар өткізуде. Осы орайда 2019 жылдың 5 қыркүйегінде Ақсу тарихи-өлкетану музейінің ұйыдастыруымен Балалар шығармашылық үйінде «Дарын» аспаптық ансамблімен «Атақты күйші Рүстембек» атты танымдық сағат өтті. Шарада жеке өмірі жайлы слайд көрсетілді, домбырашының тартқан күйлерінен үзінді қойылды, сонымен қатар, ансамблдің мүшелері күмбірлете «Наурыз» күйін сыйлады.

Актёр, домбрист, заслуженный артист Казахской ССР, народный артист Казахской ССР Омаров Рустембек Бейсенович родился в 1919 году в Павлодарской области, Лебяжинском районе, село Шарбакты. В этом году к 100-летию домбриста в Павлодарской области проводятся различные мероприятия. 5 сентября 2019 года при организации Аксуского историко-краеведческого музея в Доме детского творчества с инструментальным ансамблем «Дарын» был проведен познавательный час «Атақты күйші Рүстембек». Дети ознакомились с биографией Р.Омарова, был показан слайд о его творчестве, прослушали отрывок из кюев домбриста, а также участники ансамбля исполнили кюи «Наурыз».

IMG 20190905 151413IMG 20190905 151704IMG 20190905 152836IMG 20190905 152843



2019 жылдың 4 қырқүйек күні «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Май ауданының «Тамыры терең туған жер» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрменің ашылуына облыс мәдениет, тілдерді дамыту және арxив ісі басқармасының басшысы Е.Н. Дәуенов, Май ауданының әкімі М.Қ.Ақтаев, Май ауданының құрметті азаматтары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Көрмеде жүзден астам жәдігер қойылып, оның ішінде Р.А.Ыбраевтың., Ж.М. Әбділдиннің., М.Қ.Шайхинің., М.З. Зайытовтың, Қ.М.Сәтиевтың және басқа Май ауданының атақты жерлестерінің суреттері мен жеке заттары, киелі орын нысандары, аудан тарихы мен жетістіктері жайлы ақпарат ұсынылды.

4 августа 2019 года в рамках реализации программной статьи «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» состоялось торжественное открытие выставки Майского района «Тамыры терең туған жер». В открытии выставки приняли участие почетные граждане Майского района, представители творческой интеллигенции, руководитель управления культуры, развития языков и архивного дела области Дауенов Е.Н. и аким Майского района Актаев М.К. На выставке представлены более ста экспонатов, отражающие историю и достижения района. Здесь представлены материалы о сакральных местах, фотографии и личные вещи знатных земляков Ыбраева Р.А., Абдильдина Ж.М., Шайхина М. К, Заитова М.З., Сатиева К.М. и мн.др.

69834092 2307582436222391 8463501947490533376 n69709525 2307582869555681 1044463989720875008 n70090717 2307582562889045 3892952515938877440 n70392387 2307582642889037 5864263047907901440 n69671846 2307582779555690 7672207145789554688 n69688828 2307582839555684 855235422945542144 n





Белгілі фотограф, Павлодар өңірінің фотожылнамашысы Дмитрий Багаев 1884 жылы 5 қыркүйекте Вятск губерниясының Туман ауылында дүниеге келген. Борис Гильманның революциялық-демократиялық үйірмесіне еніп, қаланың әлеуметтік-саяси өміріне қатысты. Павлодар облысы бойынша этнографиялық экспедицияларға қатысты. Дмитрий Поликарпович жаяу және ат үстінде біздің өлкеміздің барлық бұрыштарына барып, ХХ ғасырдың басында қазақ халқының өмірі мен тұрмысын көп жылдар бойы бейнелеп берді.
2019 жылдың 3 қыркүйегінде Ақсу тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Сәбит Дөнентаев атындағы мәдениет сарайында Дмитрий Багаевтың 135 жылдығы мен оның ұлы Леонид Багаевтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылған «Объективте Ертістің Павлодар өңірі» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтті. Оған Ақсу қаласының құрметті азаматы Светлана Қондыкерова, Багаев атындағы мемориалдық мұражай-үйі бөлімшесінің басшысы Талғат Адамов, Рындин Николай және Лобков Сергей сынды фотосуретшілер, сонымен қатар, қара металлургия колледжінің 1-ші курс студенттері мен №7 мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында келушілер Дмитрий Багаевтың өмірбаяны мен түсірген суреттерімен таныс болды.


Известный фотограф, фотохудожник Павлодарского Прииртышья Дмитрий Багаев родился 5 сентября 1884 года в селе Туманы Вятской губернии. Он участвовал в этнографических экспедициях по Павлодарской области. Дмитрий Поликарпович посещал все уголки нашего края самостоятельно, пешком и на коне.
3 сентября 2019 года во Дворце культуры имени Сабита Донентаева при организации Аксуского историко-краеведческого музея состоялось открытие фотовыставки «В объективе Павлодарское Прииртышье», посвященное 135-летию Дмитрия Багаева и 90-летию, сына фотографа, Леонида Багаева. На мероприятии приняли участие Почетный гражданин города Аксу Светлана Кондыкерова, руководитель отделения мемориального Дома-музея им.Багаева Талгат Адамов, фотографы города Рындин Николай и Лобков Сергей, а также студенты 1-го курса колледжа черной металлургии и учащиеся СШ №7. Для гостей был показан видеофильм и презентация по биографии и творчеством Д.Багаева, а также провели экскурсию по данной фотовыставке.

SAM 6244SAM 6245SAM 6255SAM 6259



Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынып, оны Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамыздағы Республикалық референдумда бір ауыздан мақұлдады. ҚР Конституциясы – мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат сахынасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы  бірден-бір бастаушы заң, серпінді сенім, ҚР Конституциясы — әділет жолын көрсетер мемлекетіміздің Ата заңы, айшықты құжаты.

2019 жылдың 29 тамызында Ақсу тарихи-өлкетану музейінде Конституция күніне арналған «Ата заңым – арай таңым!» атты тарихи сағат өтті. Оған облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы «Айгөлек» үлгілі би ансамблі қатысты. Шара барысында Конституция жайлы ақпарат берілді, өткен жылдарға шолу жасалды, видеофильм көрсетілді, сонымен қатар, «Айгөлек» үлгілі би ансамблі биден шашу шашты.

 

Конституция Республики Казахстан принята на общенациональном референдуме 30 августа 1995 года. Конституция, как основной закон страны, отражает волю народа Казахстана, его стремление к утверждению страны «в качестве демократического, светского, правового и социального государства, высшими ценностями которого являются человек, его жизнь, права и свободы». Конституция дала народу в Казахстане самое главное — право выбора.

29 августа 2019 года в Аксуском историко-краеведческом музее был организован исторический час ко дню Конституции «Ата заңым – арай таңым!». В нем приняли участие образцовый ансамбль танца «Айголек», победитель областных, республиканских и международных конкурсов. В ходе мероприятия была дана информация о Конституции, был показан видеофильм, а также образцовый ансамбль танца «Айголек» подарили творческий номер.

SAM 6236SAM 6238SAM 6240SAM 6243



Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған.

2019 жылдың 27 тамызында Ақсу тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен №18 бөбектер бақшасында «Семей ядролық полигонындағы ядролық қарудың алғашқы сынағына 70 жыл» тақырыптық дәріс өтті. Шара барысында тәрбиеленушілерге аталған тақырыпқа байланысты толық мәлімет беріліп, фильм көрсетілді, сонымен қатар, викторина ұйымдастырылды.

Общее количество испытаний на Семипалатинском ядерном полигоне составило 456 ядерных и термоядерных взрывов. 116 из них были открыты, то есть были сделаны в наземном или воздушном пространстве. Общая мощность ядерных зарядов, испытанных на воздухе и на Земле на Семипалатинском полигоне, в 2,5 тысячи раз превышает мощность атомной бомбы, выброшенной в 1945 году в Хиросиму. Первое испытание ядерного оружия в Советском Союзе было проведено 29 августа 1949 года. Мощность бомбы составила 22 килотонны. Создание полигона было частью атомного проекта, и выбор был сделан, как оказалось впоследствии, весьма удачно — рельеф местности позволил проводить подземные ядерные взрывы и в штольнях, и в скважинах...

27 августа 2019 года №18 детском саду Аксуский историко-краеведческий музей организовал тематическую лекцию «70 лет с момента первого испытания ядерного оружия на Семипалатинском ядерном полигоне». В ходе мероприятия воспитанникам была дана информация по первому испытанию ядерного оружия, был показан видоефильм. А также для детей провели викторину.

SAM 6225SAM 6230SAM 6233SAM 6234



14 тамыз күні Ақсу тарихи-өлкетану музейінде "Ақсу" балалар эко – техноорталығының "Экоәлем" жазғы лагерінің тәрбиеленушілерімен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - патриотизмнің жаңа түрі" атты дәріс өткізілді. Оның негізгі мақсаты: балалардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлемдік көзқарасты қалыптастыру және насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы дағдыларды қалыптастыру, адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу. Іс-шарада балаларға сыбайлас жемқорлықтың тарихы, оның түрлері мен зияны, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары туралы айтылды, презентация мен бейнеролик көрсетілді, сондай-ақ "Ұсынбасаң, қабылдамасаң" пазлын жинады.

14 августа в Аксуском историко-краеведческом музее с воспитанниками летнего лагеря " Экоалем" детского эко-техноцентра "Аксу" провели лекцию «Противодействие коррупции –новая форма патриотизма». Основная цель которой: пропаганда и формирование у детей антикоррупционного мирового зрения; привитие антикоррупционных навыков, воспитание честности, порядочности. На мероприятии детям рассказали об истории коррупции, о видах и вреде, мерах борьбы с коррупцией; были показаны презентация и видеоролик, а также собирали пазл «Не предлагай, не принимай».

SAM 6190SAM 6199SAM 6208SAM 6212