Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Ұлыстың Ұлы мерекесіне орай «Сырлы аяқтың сыны кетпес» Қазақтың ұлттық қолданбалы ыдыстарының көрмесі өтті. Көшпенділер ұғымында ыдыс-аяқ ретінде молшылық-тоқшылық, ырыс берекенің көзі деп есептелген. Біздің музейде ғасыр бұрын жасалған табақтар мен астаулар сақталған. Төрт түлігін тірлігінің арқауы еткен ата-бабаларымыз оның сүті мен етінен тартып, тері-тарамысына дейін кәдеге жаратқан. Соңғы кездері халқымыздың ұлттық құндылықтарға қайта бой бұра бастағаны байқалады. Әр шаңырақта дархан көңілмен жайылған дастархандарда әдемі нақышталған астаулар мен табақтарды, тостағандарды жиі көзіміз шалып жүр. «Сырлы аяқтың сыры кетпес» де сыны кетпес-деген осы болар. «Ұлысты ұйыстарған Әз Наурыз» атт қалалық кітапхана көрмесі ұйымдастырылып, ән айтылып, Наурыз батасы берілді.

1 сж2 сж3 сж


Халықаралық экскурсия жүргізуші күнінде, экскурсия жұмысына арналған қызықты әрі танымды мастер класс өтті. Іс-шарада кәсіби экскурсия жүргізушісі Аргинова Сәуле Идырысқызы сөз сөйледі. Дәріскер аудиторияға экскурсия жүргізудің негіздерін, оны өткізудің әдістері мен нысандарын, сондай-ақ қаладағы экскурсоводтық істің қыр-сырын айтып, Павлодар облысының туристік мүмкіндіктері турлы айтты.

IMG 4566IMG 4534IMG 4560


Музейде Шәкен Аймановтың туған күніне орай «Қазақ киносының саңылығы» атты тақырыптық кеш өтті. Онда көрнекті актер және режиссердің шығармашылығының жанкүйерлері жиналды. Көрермендер алдында Harizma театр студиясының жетекшісі және режиссері Кешкембаева Салия, сондай-ақ Ж. Аймауытов атындағы қазақ драма театрының белгілі актері Шәнім Бейбіт сөз сөйледі, ол Шәкен Аймановтың ең жарқын өміріндегі беттері туралы әңгімеледі. Іс-шара қонақтарын "Тақиялы періште", "Біздің сүйікті дәрігер", "Алдар көсе" фильмдерінің үзінділері ерекше қуанышқа бөледі. Теңдесі жоқ актердің сүйікті ән жолдар шырқалды.

IMG 4450IMG 4434IMG 4439


2023 жылдың 2 ақпанында музейде №15 және №8 мектеп оқушыларына арналған "Тарихты сақтаушы - экспонаттар" атты өлкетану сабақтары өтті. Іс-шарада музей қызметкерлері экспонаттардың маңыздылығы мен құндылығы туралы айтып берді. Осы музей заттарының арқасында әрбір келуші біздің ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргенін өз көзімен көре алады, оларды не қызықтырғанын түсінеді және жалпы көптеген қызықты нәрселерді біле алады.

123


Музей қабырғасында Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сейсенбеков Балтабай Бекжанұлының 95 жылдығына арналған «Ұрпақтар байланысы» атты естелік кеш өтті.

Еске алу кешінде қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, Балтабай Бекжанұлының  туыстары мен жақындары, ЖОО студенттері жиналды. Іс-шара барысында жұмыс қызметінің фотосуреттерімен, сондай-ақ оның жеке заттарымен танысты.

124


Павлодар облысының 85 жылдығына арналған 2023 жылдың 13 қаңтарында «Ertis» музейінде «Киелі жерім-қасиетті елім!» атты Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі қорының фотосуреттері мен экспонаттарынан негізделген көрме ашылды. Д.П. Багаев, В.Н. Бугаев, В.Н. Бугаев және А.В. Пархоменконың тарихи фотосуреттерінде өңіріміздің шежіресі көрсетілген. Көрменің салтанатты ашылуында Павлодар облысының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Қ.Н. Шәкәрімов, Павлодар география үйінің директоры А.А. Вервекин, сондай-ақ еңбек ардагері С. Маусымбаев сөз сөйледі. Көрменің ашылуына тарихшылар, өлкетанушылар, «Замандас» ардагерлер клубы, ИнЕУ студенттері, №39 ЖОМ оқушылары, музей қызметкерлері мен қала тұрғындары, БАҚ қатысты. Келушілерге көрме және экспозиция бойынша экскурсия өткізілді.

1 6410 1


Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы музейінде ұлтымыздың жыр мен ән киесінің қадірін жете білген ақын, композитор, әнші  Майраның шығармашылығына ерекше ден қойып, жете зерттеп, халыққа кеңінен насихаттап жүрген әнші, композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Саринамен «Майраның ән мұрасы» атты кездесу кеші өтті.

Қазақтың қасиетті қара домбырасы күмбірімен жараса өрілген халқымыздың дәстүрлі ән мұрасы әсем де күрделі иірімімен, даладай кең диапазонымен, ұлттық сипатымен ерекшеленеді десек, бүгінде сол дәстүрді әуендік, орындаушылық тұрғыдан жаңғыртып, ән мәдениетінің үздік үлгісіне айналдыра білген тұлғалар некен-саяқ. Соның бірі де бірегейі – Арқа дәстүрлі ән мектебінің өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің ұстазы, әнші-термеші әрі сазгер Гүлмира Айымғазықызы Сарина шәкірті Кәмшат Төребековамен Майра музейіне арнайы келіп, болашақта жарыққа шығатын Майраның әндер жинағы жайында ойымен бөлісті.

IMG 20221221 WA0093IMG 20221221 WA0092IMG 20221221 WA0094


21 желтоқсанда халық шебері Б.Ж. Сағандықовтың 85 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.

Сағандықов Бақыт Жалелұлы - Павлодар Ертіс өңірінің белгілі шебері. Оның жұмыстарының көпшілігі: ет, қымыз беру рәсімдеріне арналған ағаш ыдыс-аяқтар жиынтығы, киіз үйді безендіру заттары және шебердің басқа да көптеген ерекше бұйымдары тарихи тұрғыдан шынайы, пішіндерінің мәнерлілігімен ерекшеленеді. Б.Ж. Сағандықовтың жұмыстары АҚШ, Франция, Германия, Италия, Түркияда, музей қорларында және жеке коллекцияларда сақтаулы.

Кеште шебердің жақындары, отбасылық достары, қолданбалы шеберлер, студенттер қатысты. Қатысушылардың назарына шығармашылық қызмет барысында дайындалған шебер жұмыстарының көрмесі, әр жылдары жарияланған фотосуреттер, жеке заттар ұсынды. Бұл көрмеде оның жұбайы және қолөнерші Ботагөз Кәрімжанқызы Тленбекова мен оның ұлы Саид Бахитұлы Сағандықовтың жұмыстары да ұсынылды.

88 23